07 Ақп 2022
Вакансии

Батыс-Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Садық Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орналасқан орны: БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көш.,14

Телефон: 8(711)3921576

Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Азаматтық қызметшінің келесі бос лауазымына конкурс жариялайды:

Педагог-ассистент– 1 бірлік (тұрақты).

Лауазымдық міндеттері:

жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

білім беру ұйымдарында болған барлық уақыт ішінде, олардың дербес қызметі денсаулық жағдайы бойынша шектелген жағдайда, ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға көмек көрсетеді;

көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға орнын ауыстыру, өзіне-өзі қызмет көрсету (киінуге, шешінуге көмек көрсетеді), емдеу-алдын алу іс-шараларына ілесіп жүруге. көмек көрсетеді;

мұғалімнің басшылығымен білім беру, түзету-дамыту процестеріне қатысады;

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсыныстарына сәйкес мұғалімге, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарына көмек көрсетеді;

инклюзивті білім беру процесіне қатысушылар арасындағы қақтығыстардың алдын алуға қатысады, сондай-ақ сыныптағы білім алушылардың теріс мінез-құлқын алдын алады және жеңеді;

психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларды тексеруіне, сондай-ақ жеке білім беру бағдарламаларын (оқу жоспарларын), оның ішінде мінез-құлық бағдарламаларын құрастыруға қатысады, оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қысқартылған (бейімделген) оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын іске асыруды қамтамасыз етеді;

оқыту және түзету-дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы туралы мәліметтерді жинауды, жеке білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін хаттамалауды, оқушының оқу, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларының даму динамикасын, оқыту процесінің динамикасын және оқушының әлеуметтенуін мониторингілеу үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мұғалімдері мен мамандарына ақпарат беруді жүзеге асырады;

ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің қажетті жағдайларын сақтайды, жүргізу кезеңінде қорғау педагогикалық режимін сақтайды.

Жалақы мөлшері: 153905 теңгеден

Біліктілікке қойылатын талаптар:

мамандығына сәйкес жоғары немесе арнаулы орта білімі, 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша "Арнаулы білім" жұмыс өтіліне талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби білімі, педагогикалық мамандықтар бойынша, сертификаты болған жағдайда бағыты бойынша біліктілікті арттыру қызметі, бұл ретте үміткер біліктілік санаты педагог және (немесе) орташа біліктілік деңгейі болған жағдайда педагогикалық өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл болуға тиіс.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

07.02.2022 ж.