Аудандық, қалалық
білім беру бөлімдерінің,
облыстық мектеп
басшыларына
Білім басқармасы Білім және ғылым министрімен 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары» ережесінің 72-бабын басшылыққа ала отырып, орта білім беру ұйымдарындағы комиссия жұмыстарына мониторинг жүргізу ушін әр тоқсан сайын (соңғы айдың 20-нан қалдырмай) ақпарат беріп отыруыңыз сұралады. (қыркүйек-қараша, желтоқсан-ақпан, наурыз-мамыр, маусым-тамыз)
- Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиямен қанша тексеріс жүргізілді
- Қанша және қандай кемшіліктер анықталды
- келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасы
- тағамдарды дайындау технологиясы
- тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы
- азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттарының сақталуы
- тамақтың берілуі нормасы сақталуы
- Алынған шаралар.
Басқарма басшысының орынбасары Н.Габдушев
А.Бержанова
26-04-66