22 Қырқ 2022
Жаңалықтар

«Ғабит Мүсірепов –Ұлтына ұлағат қалдырған» тақырыбы бойынша әдеби кеш өтті

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» атты айлық аясында Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдық мерейтойына арналған

«Ғабит Мүсірепов –Ұлтына ұлағат қалдырған» тақырыбы бойынша әдеби кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты:Оқушыларды қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу,сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу.

Іс-шараның міндеттері:

1.Көркем сөйлеуге баулу;

2.Тіл мәдениетін дамыту;

3.Шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру;

4.Жазушының өмір жолы арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа баулу;

5.Оқушыларды елін,Отанын сүюге,патриоттық рухта тәрбиелеу.

Әдеби кеш «Ғабит Мүсірепов-ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден –«Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең,мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ.Мүсіреповпен мақтану керек»,-деген жазушы Зейнолла Қабдоловтың сөзімен басталды.