09 Қырқ 2022
Жаңалықтар

«Тіл-алтын қазынам» атты ашылу салтанаты өтті

С. Жақсығұлов атындағы ЖООБ мектебінде 5-қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған «Тіл-алтын қазынам» атты ашылу салтанаты өтті. Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Әдебиетке жаны құмар, өлең оқуды жаны сүйетін оқушылар тіл мерекесіне орай өлеңдерін оқыды. Үш тілде өткен салтанатты ашылу рәсімінде, орыс тілі пәні мұғалімдері ойын өткізді. Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі пәні мұғалімдері үш тілде ән айтты. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты айлығының жоспарымен таныстырды. Біз-атадан қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!