Сапа – оқушының тынымсыз еңбегінің, ал оқытушының шығармашылығымен ізденісі, жүйелі жұмысының нәтижесі екені сөзсіз. Осы сапа көрсеткіші ҰБТ қорытындысымен бағаланады. Жыл сайын мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Әр тестілеу сайын мыңдаған ата-ана мен ұстаз бұл айрықша емтиханның нәтижесі қалай болар екен деп қобалжиды. Биыл мектебімізде 11 сыныпты 11 оқушы аяқтайын деп отыр. Соның тоғызы ҰБТ қатысады. 2021 жылдың 27 желтоқсанында С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 11 сынып оқушылармен Ұлттық бірыңғай тестілеудің өткізілуі туралы түсінік жұмысы жүргізілді. Ақпарат ата –аналар чатына жіберілді.
19 Қаң 2022
Жаңалықтар