2021 жылдың 3 желтоқсанында С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұстаздар арасында «Ұлтымыздың ұлықты ұстазы» атты мектепішілік педагогикалық оқу өтті. Мақсаты- Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұраларын зерделеу және насихаттау; педагогтердің шығармашылық қабілеттерін іске асыруға жағдай жасау; педагогтердің кәсіби қарым-қатынасы мен шығармашылық өзара ынтымақтастық саласын кеңейту. Педагогикалық оқуға мектебіміздің мұғалімдері келесі тақырыптармен қатысты. «Ы.Алтынсарин - ағартушы ұстаз» тақырыбы бойынша өзін-өзі тану мұғалімі Ульданова Т.В, «Ы.Алтынсариннің өлеңдеріндегі білім, оқу туралы тақырыптары» тақырыбы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Воронцов В.Ф., «Ы.Алтынсариннің әңгімесіндегі еңбек тақырыбы» тақырыбы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мухамбеталиева Э.З., «Ұлы даланың шамшырағы» тақырыбы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Зулкашева Г.М.«Ы.Алтынсариннің ағарту- педагогикалық мұраларын қазіргі кездегі білім саласында қолдану» тақырыбы бойынша химия пәні мұғалімі Ерошев О.Ж.,«Ұлы даланың дара ұстазы» тақырыбы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сарсенгалиева А.С., «Ы.Алтынсариннің -тарихтағы ізі» тақырыбы бойынша тарих пәні мұғалімі Разаков К.Б., «Ыбырай Алтынсарин - білімнің туын асқақтатқан ағартушы» тақырыбы бойынша физика пәні мұғалімі Суюнгалиева Л.Е. өздерінің шығармашылық жұмысатарымен таныстырды. Бүгінгі педагогикалық оқуға қатысып, ізденіп, шығармашылықпен жұмыстанған мұғалімдерге үлкен алғыс білдіреміз. Бүгін тағы ұстаздарымыз шығармашылық жақтарын шыңдап, өздерінің ұлтжандылығын көрсетіп, қазақ халқынан шыққан бір туар атамыз Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық өмірін жан –жақты талқылады.
22 Желт 2021
Жаңалықтар