2020 8 сәуірі күні жарияланған Елбасы, ҚР Тұнғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтің "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты үндеуі туралы С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ Гумаров Жандос Амангельдиевич қазақ тілі пәні мұғалімінің пікірі;
"Бірлік, татулық сөздерінің мән-мағынасын толықтай түсінетін уақыт туды. Әрине, бұл қасиетті түсінуге барша халықтың басына қара бұлттай үйірілген қатерлі індеттің тікелей әсер етуі түрткі болады деп ешкім ойламаған шығар. Кенеттен келіп қалған індет бірталай елдің сағын сындырды. Сол ауыртпашылықтың алдын-алу мақсатында әлем мемлекеттері бірлесе отырып, дертке дауа іздеймін деген мақсатта ынтымақтаса әрекет жасаудың қамында жүр. Осы барша болып жатқан мәселе туралы Н.Ә.Назарбаев өзінің арнайы «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты үндеуінде сөз қозғаған болатын. Елбасымыздың жариялаған үндеуінде халықпен ой бөлісіп, қазіргі уақытта ең бастысы байбаламдылыққа салынбай ұйымшылдылықтың арқасында індеттің өршіп кетпеуі үшін темірдей тәртіптің үлгісін көрсетіп, байсалдылық танытуды тілге тиек еткен болатын.Осы жағдайға орай, мемлекет өз тарапынан барша тиісті шараларды қолданып жатыр. Бұл, әрине өте қуантарлық жағдай. Еліміздің қолдауы арқылы талай қиындықтар мен дағдарыстардан өткен болатынбыз. Сол себепті өз тарапымызыдан осындай қиыншылық кезеңде бір-бірімізге демеу болып, үлкенге-құрмет, кішіге-ізет білдіріп, әлеуметтік жағдайлары төмен жандарға қамқорлық танытып, қазақ халқына тән намысшылдық, бауырмалдық қасиетті көрсете білсек, бұндай тығырықтан да шығудың амалын табамыз деген ойдамын. Біз біргеміз!"