1989 жылдың 15 ақпан күні – Кеңес әскерінің ақырғы легі Ауған елінен біржолата әкетілді. Өткеніміз өз елесінде қалу жолында әр жылдың 15 ақпан күні — Ауған соғысына қатысқандарды еске алу күні болып есептеледі.
Осы орайда мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу; оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу.
Шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері: Пятин Валерий Леонидович, Медекенов Нурлан Рахметоллаұлы, Дабаев Мақсұт Құмарұлы.
Шара барысында тарихи деректі бейнефильм көрсетіліп, 6-сыныптың оқушылары «Ауған соғысы» әнін орындап, мектеп директоры Дакишева Э.М. құттықтау сөздерін білдіріп, С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ оқушылары өлең жолдарын оқып, еске алу мақсатында Үнсіздік жарияланып, тарих пәні мұғалімі Ахметов С.Б. ауданымыздың ауған ардагерлері туралы слайд көрсетіп, АӘД пәні мұғалімі Жубанышкалиев А.А. және С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ оқушысы Павытчиков А. орындауында «Афганистан», «Черный тюльпан» әндері гитара аспабымен орындалып кеш соңында қонақтарға сыйлық табысталды. Сонымен қатар аудандық ауған соғысының ардагерлерімен кездесуге де мектебіміздің оқушылары белсене қатысып, ауған соғысының ардагерлерімен естелік фотосуретке түсті.