С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2017 жылдан бері жетекші мектеп ретінде магниттік мектептермен жұмыс жасап келеді. 2018-2019 оқу жылының жоспары бойынша 25 қаңтар күні жетекші және магниттік Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ, Бірлік негізгі мектебі арасында «К вершинам мастерства» атты жас мамандар байқауы оздырылды. Байқаудың мақсаты педагогтердің теориялық және практикалық біліктіліктерін жетілдіру, жаңашыл мұғалімдерді қолдау, мұғалім мәртебесін көтеріп,олардың өз мамандығына қызығушылығын арттыру. Байқауға 7 жас маман қатысты. Байқау 3 турдан тұрды. І тур (эссе), ІІ тур (ашық сабақ), ІІІ тур (таныстырылым, әдістемелік тақырыптарын қорғау, READX жобасы). Бас жүлдені С.Жақсығұлов атындағы ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі М.Е .Образкова жеңіп алса, І орынды аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.С.Сарсенгалиева, ІІ орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.З.Габбасова, ІІІ орынды Бірлік НМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Н. Хаирмухамбетова иеленді. С.Жақсығұлов атындағы ЖОББ мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Мухамбеткалиева Д.А «Креативті ұстаз», қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гумаров Ж.А «Шығармашыл ұстаз» , Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ мұғалімі Қайырлы М.Е. «Жаңашыл ұстаз» номинацияларын иеленді. Магниттік мектептермен әдістемелік жұмысымыз әрі қарай жалғасын табады.